2014 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2014 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды

16.06.2014
2014 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды
 
Еліміздің   Білім және ғылым министрі бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен таныстырды. Айтуынша, биылғы емтихан ашық әрі сапалы өткен.
 
Еліміз бойынша 87 593 түлек қатысып, соның төртеуі толық 125 балл жинады. Ал, 100-ден жоғары балға 13 137 түлек қол жеткізді.  20 236 оқушы ең төменгі 50 балды алды.
 
Алдыңғы жылдарға қарағанда биыл тәртіп бұзушылық азайған. Түрлі шпаргалкамен 29 талапкер аудиториядан шығарылды. Ал, «Алтын белгіге» үміткер 4 321 түлектің 1824-і ғана сенімді ақтады.
 
Аслан Сәрінжіпов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі:
Биыл 34 мың грант бөлінеді. Оның ішінде 12 мың техникалық мамандыққа, 2,5 мың ауылшарушалығымен байланысты, 5 мыңнан астам мұғалім мамандықтарына арналған. Осы жылы қыркүйек айында басталатын бағдарламада өзгерістер болмайды. Келесі жылдан бастап, апробацияны бастаймыз. 2016 жылдан бастап жаңа стандарт енгізілетін болады.
 
 Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу