Алматылық екінші түлек 125 балл жинады

05.06.2014
Алматылық екінші түлек 125 балл жинады
ҰБТ қорытындысына көңілі толмаған алматылық Әсия Марат қайта тапсырып 125 ұпай алды. Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның түлегі осылайша өз білімін дәлелдеп, «Алтын белгісін» қорғап қалды.
 
11 жыл тек үздік көрсеткішпен көрінген Әсия сыныбындағы өзі сияқты тағы 9 «Алтын белгі» иелерінен осылайша оқ бойы алға озды. Айтуынша, ҰБТ - шын білімнің көрсеткіші. Білгеннің сағын сындырмайды. Тек ол үшін тиянақты оқу қажет.
 
Таңдау пәнінде географияны қалаған түлек, алда ұлттық ЖОО-ның біріне түсіп, болашақта есепші болсам дейді. Бастысы, өмір баспалдағындағы алғашқы қадамым құтты болды деп қуанады.
 
Әсия Марат, «Алтын белгі» иегері:
Алғашында шыққан кезде 124 балл алғанымды естідім. Одан кейін әрине кішкене көңілім түсіп қалды. Бірақ өзімнің 125 балл алатыныма сенімді болғанмын. Сол себепті келесі күні аппеляцияға барып өзімнің дұрыстығымды растадым.
 
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу