10 мыңнан астам оқушы ҰБТ-дан өте алмады

04.06.2014
10 мыңнан астам оқушы ҰБТ-дан өте алмады
ҰБТ-ның екі күнгі қорытындысы бойынша  ең төменгі көрсеткіш - 50 балды  10 116 түлек жинай алмады.
 
Ал, кеше тапсырған 17 351 оқушының 3 883-і шекті балға жете алмады. Тәртіп бұзғаны үшін  3 талапкер дәрісханадан шығарылды. 2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка, 83 калькулятор, 13 фотоаппарат, 4 рация, 2 блютуз құрылғы, 1 қол сканері, 1 кеңсе пышағы табылған. 
 
Екінші күнгі  ҰБТ балы  орта есеппен алғанда - 75. Ал, 2013 жылы  -  73,9 балл болатын. Әзірге ең жоғары 125 балды тек 2 оқушы жинады. Екеуі де - Алматы қаласының оқушылары.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу