Орынсыз тексерулер тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орынсыз тексерулер тыйылмай тұр

03.06.2014
Орынсыз тексерулер тыйылмай тұр
Елімізде білім беру мекемелерінде жүргізілетін тексерістердің саны көп, сапасы жоқ, яғни негізсіз өтеді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында айтылды.
 
Мәселен, білім беру мекемелерінде ресми түрде бекітілген тексеріс саны жылына 10-15 рет. Ал шын мәнінде бұл көрсеткіш одан 2-3 есеге көп.
 
Орта есеппен айына 2 тексеріс жүргізіледі. Олардың ұзақтығы 2 күннен басталып, 1 жарым айға дейін жалғасады.
 
Ал мамандар тексерушілер талап ететін ережелер мен нұсқаулардың барлығын орындау мүмкін емес деп налиды.
 
Тексерулердің басым бөлігін аудандық және облыстық Білім беру басқармалары жүргізеді екен.
 
Камал Бұрханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Тексеріс барысында мұғалімдер тексерушілер талап ететін қағаздарды толық ұсынып қана қоймай, «бесбармақ тарту, қарсы алу мен шығарып салу» рәсімдерін өз мойнымен көтереді. Ал мұндай тексерулер білім мекемелеріне бірнеше сағат бұрын ғана қоңырау шалу арқылы ескертіледі.
 
Сосын тексерушілер ешқандай қызметтік куәліктері мен тексеруге негіз болатын құжаттарды көрсетпейтін көрінеді. Мұндай өрескел бұзушылықтардың өзі алаяқтарға «тексеруші» мәртебесін иеленуге оңай жол ашатынын аңғаруға болады.
 
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу