Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде ғылыми конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде ғылыми конференция өтті

19.04.2014
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде ғылыми конференция өтті
Қоғамдық санасы жоғары, интеллектуалдық деңгейі биік ұлт болып қалыптасу - бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде әлемдік өркениет пен оның дамуында ғылымның әлеуетін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.
 
Ғылыми конференцияға Ресей мен Қытайдың, Қарақалпақстан автономиялық республикасының және еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.
 
Қазақстан білім берудің тың процестерін меңгеру арқылы әлемдік кеңістікте өз орнын белгілеуі керек. Ол үшін өзге елдермен бұл салада ықпалдасып әрекет еткен жөн. Екі күнге созылған басқосуда ғалымдар ғылыми тұжырымдары мен ойларын ортаға салды.
 
Еркін Ақтаев, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің проректоры:
Мұның барлығы да тікелей оқу процесіне жаңа леп алып келеді. Осы конференцияны қорытындылау барысында ұсыныстар беріледі. Сол ұсыныстарды тікелей құзырлы орындарға, министрліктерге жолдап отырамыз.
 
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу