Елордадағы Оқушылар сарайы құнды дүниемен толықты. Бұл жолы ядролық отын циклі және баламалы энергетиканы зерттейтін құрылғылар өнерпаздарға сыйға тартылды.
Бұл - Францияда шығарылған атом станциясы жұмысының макеті, ядролық отын зауыттарында пайдаланатын қолғаптық қорап моделі, сондай-ақ, жел турбинасы мен Күннен қуат алатын технология құрылғысы. Қондырғылар көрнекі құрал ретінде қолданылмақ.
Ұмсын Арқабаева, Оқушылар сарайының директоры:
Біздің балаларымыз қазірден бастап, мамандықтарын таңдайды. Ал, замануи қондырғыларды меңгеруі олардың дамуының бір көрінісі деп ойлаймын.
Ләззат БЕКТАС