Иранда бензин бағасы көтерілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда бензин бағасы көтерілмек

23.02.2015
Иранда бензин бағасы көтерілмек

Қара алтынның құны түсіп кетіп әлем дүрлігіп жатқанда өздеріне тым сенімді отырғандардың бірі осы Иран еді.

Бірақ, бензин енді 5 пайызға қымбатқа сатылмақ. «Иран мұнай саудасынан қазынаға кеп түсетін қаражатты аз да болса өсірмек», дейді сарапшылар. Өйткені экспорттан бұрынғыдай табыс жоғы белгілі.

Халықаралық есепшілер болса бағасы сәл көтерілген қара алтын құнының алдағы сәуір айында шамамен баррельіне 58 долларға дейін құлайтынын ескертті.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу