Заман сұранысына сай болу үшін инновациялық ойлаудың маңызы зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заман сұранысына сай болу үшін инновациялық ойлаудың маңызы зор

30.05.2018

Қас қағым сәтте түрленіп, дамып бара жатқан заманның сұранысына сай болу үшін инновациялық ойлаудың маңызы зор. Алайда, жаңашылдыққа ұмтыламын деп жүріп төл құндылықтардан ажырап қалмау керек. Ресейлік танымал бизнес-тренер Аркадий Цукер білім саласы қызметкерлеріне дәріс өткізді. Ол білім және ғылым бағытындағы соңғы сын-тегеуріндерді үнемі ескеріп отыру мен бүгінгі ұрпақтың ерекшелігі жөнінде айтып берді. Яғни, интеллектуалды ұлт қалыптастыруда сала мамандары мен ұстаздарға артылған салмақ ауыр.

 

Хабарламаларға жазылу