Назарбаев Университетінде ашық есік күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Университетінде ашық есік күндері өтті

30.01.2014
Назарбаев Университетінде ашық есік күндері өтті
 
Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде ашық есік күндері өтті. Дәстүрлі шара барысында барлық қатысушыларға мектепке қабылдау ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік саясат саласында магистратура бағдарламасы туралы білудің бірегей мүмкіндіктері жасалды.
 
Нақты оқу бағдарламалары мен мемлекеттік гранттар жөнінде жан-жақты ақпар берілді. Студенттер өздерін қызықтыратын сауалдарын ортаға тастап, Сингапурден және БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінен келген меймандармен пікір алысты.
 
Балжан Ұшақбаева, студент:
Біздің мектебіміз - мемлекеттік жоғары мектеп. Бұл - Сингапурдегі мемлекеттік басқару мектебімен бірге іске асырылып жатқан үлкен бағдарлама. Бағдарлама болашақта Қазақстанның мемлекеттік басқару саласына білімді мамандарды даярлауға арналған.  
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу