Денис Теннің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Теннің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

19.07.2018

Денистің мезгілсіз қазасы туралы бүгін 17:59-да айтылды. Дәрігерлер оның өмірі үшін 2 сағаттан астам арпалысқан. Алайда, даңқты спортшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Бұл оқиғаға байланысты полицейлер қылмыстық іс қозғап, іздестіру операциясын жүргізіп жатыр.

Нұржан Исабеков, қалалық Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Науқас ауыр халде келіп түсті. Барлық жағдай жасалды. Соған қарамастан, осындай жағдай тіркелді.  Жарақаттың орналасуы және қанның кетуі негізгі себеп. Жарақат аяқ жағында болған. Сол жерде ірі-ірі тамырлардан өткен.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.   

Хабарламаларға жазылу