Денис Тенді пышақтаған күдіктілердің біреуі ұсталды
Олимпиада жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтаған күдіктілердің біреуі ұсталып, қорғаушылардың қатысуымен кінәсін мойындады. Ол 1994 жылы Жамбыл облысында туған Нұралы Қиясов. Бұрыннан бері кәнігі ұры ретінде құзырлы органдардың есебінде тұр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал, екінші күдіктінің кім екендігі анықталып, суреті де жарияланды. Алматы қаласы прокурорының сөзінше, адам қазасына себеп болған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Пайдакүнемдік ниетпен топ болып кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір екінші күдіктіні іздеуге Ішкі істер органдарының жеке құрамы мен басқа да аумақтық органдардың күші жұмылдырылды.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
09.06.2026, 17:25
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12