Бүгін «Қазақстан Барысы» турнирін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан Барысы» турнирін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді

02.07.2017
Бүгін «Қазақстан Барысы» турнирін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен VII республикалық «Қазақстан барысы» турнирін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.  Финалдық кездесулер бүгін елордадағы «Барыс Арена» спорт сарайында өтеді. Соңғы кезеңге 34 спортшы шығады.  

Жарыстың жүлде қоры – 50 миллион теңге көлемінде. Сондай-ақ, турнирде жылсайынғы дәстүр бойынша көрермендер мен жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ - 2017» ТУРНИРІНІҢ ФИНАЛЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕТІН ПАЛУАНДАР

«Қазақстан» және «Kazsport» арналарындағы көрсетілімнің басталуы: 13:00-де.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан Барысы» турнирінің басты ақпарат таратушысы.

Хабарламаларға жазылу