«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Мақсат Исағабылов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Мақсат Исағабылов

19.06.2017
«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Мақсат Исағабылов

Аймағы: Қызылорда облысы 
Лақап аты: Сыр барысы 
Туған күні: 17.11.1994 
Бойы: 183 см 
Салмағы: 103 кг 
Спорттық атағы: Қазақ күресінен ҚР спорт шебері 
Спорттық жетістіктері: ҚР Чемпионатының Чемпионы (2014), ҚР Кубогының Чемпионы (2015) 
«Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: тұңғыш рет 
Бапкері: Әділбек Серікбаев

Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.

Хабарламаларға жазылу