«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Нұрдәулет Жарылғапов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Нұрдәулет Жарылғапов

19.06.2017
«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Нұрдәулет Жарылғапов

Аймағы: Маңғыстау облысы 
Лақап аты: Қара бура 
Туған күні: 02.04.1996 
Бойы: 182 см 
Салмағы: 135 кг 
Спорттық атағы: Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер 
Спорттық жетістіктері: Жастар арасындағы ҚР чемпионатының қола жүлдегері (2015), «Жас Барыс» республикалық турнирінің күміс (2015) және қола жүлдегері (2016) 
«Қазақстан барысы»  турниріне қатысуы: 2015, 2016 ж. 
Бапкері: Қайрат Бурбасов

Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.

Хабарламаларға жазылу