Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатын болды

19.04.2018

Орта салмақта WBC, WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатын болды. Кездесу 5-мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсон қаласының «StubHub Center» аренасында өтеді. Бұл бәсекеде Головкинның үш белдігі ортаға қойылады. Қазірдің өзінде билеттер сатылымға шыққан. 31 жастағы Мартиросян Арменияда туған, төрт  жасында отбасымен АҚШ-қа көшкен ол қазір сол елдің намысын қорғайды. 2001 жылы ол АҚШ-тың атынан Афинадағы Олимпиадаға қатысып, екінші айналымға дейін жеткен. Кәсіпқой рингта 40 жекпе-жек өткізіп соның тек үшеуінде жеңілген.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу