Василий Левит неміс боксшысын нокдаунға жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Василий Левит неміс боксшысын нокдаунға жіберді

16.02.2017
Василий Левит неміс боксшысын нокдаунға жіберді

Бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит спарринг кезінде аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді. Бұл туралы қазақстандық спортшының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Team LEVIT» ресми тобы хабарлайды.

кпкепкпек

Жекпе-жек Талғардағы базада Қазақстан Ұлттық құрамасының Германия және АҚШ командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны аясында өткен.

блоблобол

«Бүгін Василий Левит Германия боксшысы Макс Келлермен спарринг өткізді. Екінші раундта Василий неміс спортшысын нокдаунға жіберді. Германия боксшысы аса ауыр салмақта екендігін айта кетейік», - делінген хабарламада.

апипипаипа

Естеріңізге  сала кетсек, Василий Левит  Рио Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған болатын. 

Хабарламаларға жазылу