Бүгін Қанат Ислам Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жек өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қанат Ислам Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жек өткізеді

28.10.2016
Бүгін Қанат Ислам Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жек өткізеді

Бүгін «Алматы Арена» спорт сарайында күллі қазақ жұрты көптен күткен бокс кеші өтеді.  Кәсіпқой рингтегі барлық 21 кездесуінде жеңіске жетіп, 19-ын нокаутпен ұтқан отандасымыз Қанат Ислам ганалық «Улы жебе» Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшы «WBA Fedelatin» белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта WBO Inter Continental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін таласады.

Бұл бокс кешінде Қанат Исламнан басқа, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы және Жәнібек Әлімханұлы есімді жерлестеріміз шаршы алаңға шығады. Бұлардың арасында Жәнібек бірінші рет өзін кәсіпқой рингте сынап көргелі тұр.

«Алматы Арена» сарайында өтетін бокс кешін тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалаңыздар. Трансляцияның басталуы 17:50-де. Сондай-ақ, kaztrk.kz  сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Отандастарымызға қолдау көрсетейік!

Алға, Қазақстан!

Хабарламаларға жазылу