«Kazsport» телеарнасы «Барыс» - «Сочи» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Барыс» - «Сочи» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

06.01.2017
«Kazsport» телеарнасы «Барыс» - «Сочи» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

6 қаңтар күні Астанада елордалық «Барыс» 2017 жылдағы екінші матчын өткізбек. Бұл жолғы қарсылас - ресейлік «Сочи» ХК. Кездесуді  «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.Трансляцияның басталуы 19:25-те.

Екі ұжымда өз конференцияларында плей-офф кезеңіне шығу үшін талас жүргізуде. Ал, чемпионатта «Барыс» 68 ұпаймен 14-сатыға орналасса, «Сочи» оның соңынан қалмай, 66 ұпайымен 15-орынға табан тіреген.

Соңғы рет командалар 27 қыркүйек күні кездесіп, сырт алаңда болған ойында қазақстандық клуб 3:6 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу