«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Адмирал» - «Барыс» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін Владивосток (Ресей) қаласында астаналық «Барыс» сырт алаңда жергілікті «Адмирал» ХК-на қарсы кездесу өткізеді. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.Трансляцияның басталуы 15:20-да.
Қазақстандық хоккей клубы чемпионатта 40 ойын өткізіп, 56 ұпайымен 17-орында. Ал, ресейліктер лигада 42 кездесу өткізіп, «Барыстан» бір саты жоғары орналасқан.
Қарсыластар соңғы рет 25 қараша күні Астанада кездескен, ойын 1:4 есебімен қонақтар пайдасына аяқталды.
Осы аптада «Барыс» тағы да екі ойын өткізеді:
23 желтоқсан, 19:20 «Барыс» - «Трактор»
25 желтоқсан, 16:50 «Барыс» - «Металлург»
Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18