«Куньлунь Ред Стар» -«Барыс» кездесуін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Куньлунь Ред Стар» -«Барыс» кездесуін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

12.12.2016
«Куньлунь Ред Стар» -«Барыс» кездесуін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Бейжіңде астаналық «Барыс» жергілікті «Куньлунь Ред Стар» ХК-на қарсы кездесу өткізеді. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.Трансляцияның басталуы 17:20-да.

Қытайлық команда үшін бұл кездесу өз алаңындағы ойындар сериясының алғашқысы болмақ. Ал, қонақтар үшін соңғы 14 күн ішіндегі сырт алаңдағы қатарынан 6-шы ойын.

«Барыс»  пен «Куньлунь Ред Стар» жақында ғана Астанада кездесу өткізген болатын. Ол матчта қазақстандық команда 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ойынға жарақаттарына байланысты қытайлық клуб қатарынан Эту Пёйсти мен Вадим Перескоков қатыса алмайды. Ал, осы матчта «Барыс» сапындағы Кэм Баркер мен Владимир Маркеловтың ойынға қатысу-қатыспауын тек кездесу алдында бастапқы құрамдардың жария етілуінен кейін ғана біле аламыз.

Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу