«Kazsport» телеарнасы «Автомобилист» - «Барыс» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Автомобилист» - «Барыс» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

06.12.2016
«Kazsport» телеарнасы  «Автомобилист» - «Барыс» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Ертең – 7 желтоқсан күні астаналық «Барыс» сырт алаңда екатеринбургтік «Автомобилист» клубымен кездеседі.

Кездесу алдында «Барыс» ХК чемпионатта 36 ойын  өткізіп, 47 ұпаймен 19-орында, ал, қарсыласы 39 матчта 46 ұпай жинап, турнирлік кестеде 21-ші сатыда келе жатыр.

Командалар соңғы рет 13 қараша күні кездесіп, ойын 4:0 есебімен қазақстандық клуб пайдасына аяқталды.

«Барыс» пен «Автомобилист» арасындағы матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Трансляцияның басталуы 19:50-де. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайттында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу