Бүгін «Ювентус» өз алаңында «Портуды» қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Ювентус» өз алаңында «Портуды» қабылдайды

14.03.2017
Бүгін «Ювентус» өз алаңында «Портуды» қабылдайды

Наурыздың 14-інен 15-іне өтетін түні УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында туриндік «Ювентус» өз алаңында «Портуды» қабылдайды. Футболдан Италия чемпионы мен португалиялық «айдаһарлар» арасындағы кездесуді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 01:30-да. 

 

«Эстадио до Драгао» алаңында өткен бірінші кездесуде Массимилиано Аллегри жаттықтыратын италиялық ұжым португалиялық клубтан 2:0 есебімен басым түсті. Бұл ойында шабуылшы Марко Пьяца мен қорғаушы Даниэл Алвес көзге түскен болатын.

 

«Порту» футболшылары өз алаңында жеңілсе де, келесі айналымға өту үшін  аянып қалмасы анық. Әсіресе, екі команданың атақты қақпашылары Джанлуиджи Буффон мен Икер Касильяс арасындағы тартыс қызықты болады. 

 

Бұл матч Буффон үшін Чемпиондар лигасының негізгі бөлігі аясындағы 103-ші, ал, осы турнирде ең көп матч өткізген  Касильяс үшін 164-ші кездесу болмақ.

 

Әйгілі қақпашылардың арасындағы тартысты кездесуді өткізіп алмаңыздар! Наурыздың 14-інен 15-іне өтетін түні. 01:30. «Ювентус»-«Порту» LIVE

 

Дәл осы уақытта өтетін «Лестер Сити» мен «Севилья» арасындағы ойынды 15 наурыз күні 11:05-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу