Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері болып Игорь Утробин тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері болып Игорь Утробин тағайындалды

14.12.2016
Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері болып Игорь Утробин тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері болып Игорь Утробин тағайындалды. Бұл туралы Футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Утробин Игорь Владимирович 1965 жылы туған. Алматы университетін бітірген. Футболдан бапкер-оқытушы.

Игорь Утробин ойыншы ретінде келесі ұжымдарда ойнаған:

«Жетісу» ФК (1982 — 1984);

«Скиф» ФК (1986-1987) ;

«Металлург» ФК (Запорожье) (1986-1987);

«Восток» ФК(1989-1991);

«Шахтер» ФК (1991-1992) ;

«Достық» ФК (1992-1993) ;

«Восток» ФК (1993-1994) ;

«Қайрат» ФК (1994-1995.

Және де түрлі спорт қызметкері болып істеген:

«Цесна-Тау» компаниясы (1995-1999) — спорт директоры;

«Цесна» ФК (2000-2004) — атқарушы директор;

«ФСК Алматы» ФК (2004-2007) — балалар-жасөспірімдер футболы бойынша маман;

 «Алматы» ФК (2007) — спорт директоры;

Қазақстан футбол федерациясы  (2004-2012) — балалар-жасөспірімдер футболы департаменті директорының орынбасары;

Қазақстан футбол федерациясы (2012 жылдан бері) — балалар-жасөспірімдер футболы департаментінің аға маманы болған.

Хабарламаларға жазылу