«Kazsport» телеарнасы «Вильярреал»- «Атлетико» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Вильярреал»- «Атлетико» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

12.12.2016
«Kazsport» телеарнасы «Вильярреал»- «Атлетико» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін түнде футболдан Испания чемпионатының 15-туры аясында мадридтік «Атлетико» сырт алаңда «Вильярреал» клубына қарсы кездесу өткізеді. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Вильярреалдың» көрсеткіштері соңғы турларда төмендеп кетті. Олар қатарынан екі жеңіліске ұшырап, соңғы турда «Леганеспен» тең түскен болатын. Бұл сәтсіздіктер Франсиско Эскриба шәкірттерін турнирлік кестеде 6-орынға орналастырды.

Ал, «Атлетико» соңғы 4 турда тек «Осасунаны» ғана жеңді. Олар «Реал Сосьедад» (0:2) пен мадридтік «Реалға» (0:3) есе жіберіп, чемпионаттың соңғы кездесуінде «Эспаньолмен» (0:0) тең түсті. Осылайша, мадридтік клуб 5-орынға төмендеп қалды. Қарсыластардың турнирлік кестеде жақын орналасуы бұл матчтың қызықты өтуіне бір себеп болмақ.

«Вильярреал» мен «Атлетико» арасындағы соңғы ойын «Висенте Кальдерон» стадионында өтіп, екі команданың ұпай бөлісуімен аяқталды (0:0).

Естеріңізге сала кетейік, «Вильярреал»- «Атлетико» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 01:40-та. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу