«Реал» - «Депортиво»: Серхио Рамос - соңғы минуттардың нағыз «Королі» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Реал» - «Депортиво»: Серхио Рамос - соңғы минуттардың нағыз «Королі»

11.12.2016
«Реал» - «Депортиво»: Серхио Рамос - соңғы минуттардың нағыз «Королі»

Ла Лиганың 15 туры аясында мадридтік «Реал» өз алаңында ла-коруньялық «Депортиво» клубын қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Бірінші тайм тартысты өтіп, көптеген қауіпті сәттер туғындағанымен екі команда да есепті аша алмады.

Екінші тайм голдарға толы болды. 

Есепті айып алаңының сыртынан допты тепкен Альваро Мората ашты - 1:0.

Қарымта шабуылдардың бірінде алаңға енді шыққан «Депортиво»  клубының шабуылшысы Хоселу «Реал» қақпасына алыстан соққы бағыттап, есепті теңестірді - 1:1. Бірнеше минуттан кейін бұл шабуылшы корольдік клуб қорғаушыларының қателіктерін пайдаланып, өз командасын алға шығарды - 1:2.

«Реал»  есепті теңестіру мақсатында шабуылдарын үдетті. Оң қапталдан көтерілген допты корольдік клубтың жас таланты Мариано Диас басымен қақпаға бағыттады - 2:2.

Ойынның соңғы минуттарында «Реалдың» капитаны Серхио Рамос командасына 3 ұпай сыйлады. Осы жолы Рамос тағы да Тони Кросстың бұрыштамадан көтерген добын дәл қақпаға салды - 3:2.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал» - «Депортиво» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы

«Реал» - «Депортиво» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу