«Астана» - «Атлетико» 0:0 (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» - «Атлетико» 0:0 (толығырақ)

04.11.2015
«Астана» - «Атлетико» 0:0 (толығырақ)
Елордалық «Астана» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің төртінші кездесуінде Мадридтің «Атлетикосын» қабылдап, қарсыластарымен тең ойнады.

Бірінші таймда «Астана» үш рет бұрыштама добын орындап, тіпті гол соғатын мүмкіндікке ие болған. Бірақ, Ян Облак қақпасына ешқандай доп соқтырмады. Үзілістен кейін «Атлетико» қанша шабуылдағанымен алаң иелерінің қорғанысы мықты болды. Қорытынды есеп 0:0.

Осы тең нәтижесінің арқасында «Астана» футбол командасы УЕФА-ның клубтық рейтингінде 9 сатыға жоғарылап 155-ші орынға тұрақтаған.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу