Бауыржан Исламхан – 2016 жылғы Премьер-Лиганың үздік ойыншысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Исламхан – 2016 жылғы Премьер-Лиганың үздік ойыншысы

06.12.2016
Бауыржан Исламхан – 2016 жылғы Премьер-Лиганың үздік ойыншысы

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2016 жылғы Премьер-Лиганың үздік ойыншысын анықтау мақсатында өткізілген дауыс берудің қорытындысын жасады.

Дауыс беру кезінде жауап беруші үш фамилияны атауға мүмкіндік алды. Аталған бірінші ойыншы үш ұпайға иеленсе, екіншісі – екі ұпайға, ал үшіншісі – бір ұпайға иеленді. 

Бірінші орынға 46 ұпаймен Бауыржан Исламхан иеленді. Екінші орынды 27 ұпаймен маусымды «Ордабасы» сапында бастаған «Астана» ойыншысы Азат Нұрғалиев және «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу өзара бөлісті.

Төртінші орынға 15 ұпаймен павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Карлос Фонсекаиеленді. Алғашқы бестікке 13 ұпаймен Андрей Аршавин да («Қайрат») кірді. 

Маусымның үздік бапкері атағына «Астананың» жаттықтырушысы Станимир Стойлов иеленді (83 ұпай). Екінші орында болгариялық маман Димитар Димитров («Ертіс») – 34 ұпай. Үштікке тағы «Қайраттың» бапкері Кахабер Цхададзе кірді - 30 ұпай. 

«2016 жылғы Премьер-Лиганың үздік жас ойыншысы» номинациясында «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев жеңіске жетті. Оның қоржынында 49 ұпай. Екінші орында - ақтөбелік Дидар Жалмұқан (32 ұпай). Үшінші орында – «Ертіс» клубының сол қапталдағы қорғаушысы Григорий Сартаков – 19 ұпай. 

pflk.kz

Хабарламаларға жазылу