Футболдан Исландия мен Ресей құрамаларына қарсы ойнайтын Ұлттық құрама тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Исландия мен Ресей құрамаларына қарсы ойнайтын Ұлттық құрама тізімі жарияланды

17.03.2015
Футболдан Исландия мен Ресей құрамаларына қарсы ойнайтын Ұлттық құрама тізімі жарияланды

Қазақстан Ұлттық құрамасы 23 наурызда Астанада жиналып, 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Исландиямен өтетін ойынға және Ресей құрамасына қарсы жолдастық матчқа дайындықты бастайды, деп хабарлайды футбол федерацияның баспасөз қызметі. 

28 наурызда «Астана Арена» спорт кешенінде Юрий Красножан шәкірттері іріктеу турниріндегі топ көшбасшыларының бірі Исландия құрамасын қабылдайды. Ал, 31 наурызда қазақстандық футболшылар «Арена  Химки» стадионында Ресей құрамасымен кездеседі.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Владимир Логиновский, Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Стас Покатилов («Ақтөбе»).

Қорғаушылар: Ренат Абдулин, Сергей Малый,  Гафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Елдос Ахметов,  Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко («Астана»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман, Ермек Қуантаев («Қайрат»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия).

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан  Жолшиев, Георгий Жуков, Ұлан Қонысбаев («Астана»), Александр Меркель («Грассхоппер», Швейцария), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Самат Смақов («Ертіс»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»).

Шабуылшылар:  Тоқтар Жаңғылышбай, Алексей Щеткин («Астана»), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Сергей Хижниченко («Ақтөбе»).

Ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының жарақаты ескеріліп, сонымен қатар, алда өтетін Премьер-Лиганың төртінші тур ойындарына байланысты келесі футболшылар қосымша тізімге енгізілді. 

Олар – қақпашы: Андрей Сидельников («Ордабасы»), қорғаушы: Виктор Дмитренко («Ақтөбе»), жартылай қорғаушылар: Бауыржан Байтана, Станислав Лунин (екеуі де «Қайрат»), Тимур Досмағамбетов, Жақып Қожамберді («Тараз»), және шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Шахтер») пен Таңат Нөсербаев («Астана»). 

Хабарламаларға жазылу