«Депортиво» - «Севилья» кездесуін өткізіп алмаңыздар! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Депортиво» - «Севилья» кездесуін өткізіп алмаңыздар!

19.11.2016
«Депортиво» - «Севилья» кездесуін өткізіп алмаңыздар!

19 қарашада футболдан Испания чемпионатының 12-ші туры аясында ла-коруньялық «Депортиво» өз алаңында андалусиялық «Севилья» футбол клубын қабылдайды. Хорхе Сампаоли шәкірттері біріншілікте 21 ұпаймен 5-ші орында болса, қарсыласы - «Депортиво» кестенің төменгі жағындағы 16-орында тұр. 

«Севильяның» бұл ойында фаворит болатыны анық. Себебі, қазан айында барлық турнирлердегі 5 кездесуінің төртеуін жеңіп, бір ойында тең түскен. Осы жетістігі үшін Примераның қазан айындағы үздік бапкері атанды.

Бұл кездесуді «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Трансляцияның басталуы 17:55-де. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайттында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу