Қазақтың Эль-Класcикосында алматылық «Қайрат» елордалық «Астанадан» басым түсті - 2:0 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың Эль-Класcикосында алматылық «Қайрат» елордалық «Астанадан» басым түсті - 2:0

16.10.2016
Қазақтың Эль-Класcикосында алматылық «Қайрат» елордалық «Астанадан» басым түсті - 2:0

Футболдан ел чемпионатының 30-шы турында алматылық «Қайрат» өз алаңында елордалық «Астананы» 2:0 есебімен ұтты.

Тартысты бәсекеде алғаш болып есепті «Қайраттың» қорғаушысы Сеcар Арзо ойынның 29-ыншы минутында ашты.

Ал, жартылай қорғаушы Исламбек Қуаттың алыстан бағыттаған тамаша соққысы есепті еселеп, ойынның бірінші таймы 2:0 есебімен аяқталды.

Ойынның екінші жартысында әр команда қақпасына бір-бірден пенальти белгіленді. 60-ыншы минутта алматылық ұжымның қақпашысы Стас Покатилов 11-метрлік айып добын қайтарса, кездесудің соңғы минуттарында астаналық команда қақпашысы Ненад Эрич пенальтиден Жерар Гоудың гол салуына тосқауыл болды.

Осылайша, Кахабер Цхададзенің командасы мен елордалық клубтың арасындағы ұпай айырмасы 3 ұпайға дейін қысқарды. Бұл «Қайраттың» чемпиондыққа таласуына мүмкіндік берді.

«Қайрат»-«Астана» футбол кездесуіне видеошолу

Кездесуге қатысқан қатысқан командалар құрамы:

1

2

3

4

Хабарламаларға жазылу