Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді

21.11.2015
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін елордалық «Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Кубогының финалы өтеді. Маусымның соңғы матчында жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездеседі.

Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 14:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Астана» футбол клубы биылғы маусымда Қазақстан Премьер Лигасында топ жарса, «Қайрат» 2-ші орынға тұрақтаған. Ал, осы жылы командалар 5 рет кездескен. Оның 3-інде елордалық клуб жеңіске жетсе, 2 рет «Қайрат» басым түскен.  

Екі клуб «Астана-Арена» стадионында 10 матч өткізген. Астаналықтар соның 4-ін ұтса, алматылықтар 2 рет жеңген және 4 тең ойын тіркелген. Соғылған голдар саны 20-11.

Ал, жалпы командалар бір-бірімен 19 рет кездескен. «Астананың» еншісінде 10 жеңіс бар. «Қайрат» 3 рет ұтып, 6 ойын тең есеппен аяқталған. Соғылған голдар бойынша Станимир Стойлов шәкірттері алда – 35-21. Осыған қоса, олар екі команда арасындағы ең ірі жеңісті тойлаған (2011 жыл, есеп – 6:1).

Сонымен қатар, финалдық матчқа түркиялық Джүнейт Чакыр төрелік етеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирді 14:00-ден бастайды. Көрермендер үшін матч алдында арнайы студиядан хабар ұйымдастырылады.  

Хабарламаларға жазылу