Мырзағали Айтжанов: Міндет – үш «алтын» алу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мырзағали Айтжанов: Міндет – үш «алтын» алу

19.09.2014
Мырзағали Айтжанов: Міндет – үш «алтын» алу

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Азия ойындарында боксшылардың жүлде алу мүмкіндігімен бөлісті.

«Азия ойындарында алты жүлде алу және жалпыкомандалық есепте бірінші орынмен келу міндеттеліп отыр. Алты медальдің үшеуі алтын болуы тиіс. Соңғы оқу-жаттығу жиыны Астанада Англия құрамасымен бірлесіп өткіздік. Техникалық-тактикалық шеберлігімізді арттыра түсіп, спаррингтік кездесу де өткіздік. Бұйыртса, Инчхонда бәрі жақсы болады, деп ойлаймын. Өз күшімізге сенімдіміз!», - Мырзағали Айтжанов.

confederation.kz

Хабарламаларға жазылу