Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия-Словакия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия-Словакия матчын тікелей эфирде көрсетеді

26.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия-Словакия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионаты плей-офф кезеңінің бесінші ойыны Германия және Словакия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Германия құрамасы плей-офф кезеңіне «С» тобынан бірінші орынмен шықты. 3 ойында 7 ұпай жинаған. Ал, Словакия құрамасы 3 ойында 4 ұпай жинап, «В» тобында үшінші орын алған.

Бұл ойынға дейін Германия мен Словакия құрамалары 10 рет кездескен. 7 матчта Германия құрамасы жеңіске жетсе, Словакия 3 ойында ұтқан.

FIFA рейтингінде Германия 4-ші орында, Словакия құрамасы 24-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Германия-Словакия матчының қайталауын ертең, 27 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 13:55-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу