Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Исландия-Венгрия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Исландия-Венгрия матчын тікелей эфирде көрсетеді

18.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Исландия-Венгрия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «F» тобындағы Исландия мен Венгрия құрамалары арасындағы 2-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Исландия құрамасы Португалиямен 1:1 есебімен тең ойнаған. Венгрия құрамасы Австрияны 2:0 есебімен ұтқан.

Бұл ойынға дейін Исландия мен Венгрия құрамалары 10 рет кездескен. Исландия 3 ойында жеңіске жетсе, Венгрия 7 рет ұтқан.

FIFA рейтингінде Исландия 34-ші орында, Венгрия құрамасы 20-шы сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Исландия-Венгрия матчының қайталауын ертең, 19 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 18:10-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу