Еуро-2016. Чехия мен Хорватия құрамалары 2:2 есебімен тең ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Чехия мен Хорватия құрамалары 2:2 есебімен тең ойнады

18.06.2016
Еуро-2016. Чехия мен Хорватия құрамалары 2:2 есебімен тең ойнады

Еуропа чемпионатының «Е» тобындағы Чехия мен Хорватия құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.

Чехия мен Хорватия құрамалары 2:2 есебімен тең ойнады. Алғашқы голды бірінші таймның 37-ші минутында Хорватия құрамасының футболшысы Иван Перишич салып, құрамасын алға шығарса, екінші таймның 58-ші минутында Иван Ракитич есепті 2:0-ге жеткізді.

Ал, ойынның 78-минутында Чехия құрамасының футболшысы Милан Шкода гол соғып, есепті қысқартты. Төреші қосқан қосымша минутта Томаш Нецид 11 метрлік айып добынан гол салып, қомандасын жеңілістен құтқарып қалды.

Чехия – Хорватия 2:2

Гол: 0:1 – 37 Перишич, 0:2 – 59 Ракитич, 1:2 – 75 Шкода, 2:2 – 90, пенальти Нецид.

Чехия – Чех, Губник, Лимберски, Кадержабек, Сивок, Росицки, Дарида, Крейчи, Плашил (Нецид, 86), Скалак (Шурал, 67), Лафата (Шкода, 67).

Хорватия – Субашич, Чорлука, Стринич (Врсалько, 90), Срна, Вида, Бадель, Модрич (Ковачич, 62), Ракитич (Шильденфельд, 90), Брозович, Перишич, Манжукич.

Хабарламаларға жазылу