«The Spirit of Astana» фестивалінде әлемнің 23 елінен келген 120-дан аса музыкант өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«The Spirit of Astana» фестивалінде әлемнің 23 елінен келген 120-дан аса музыкант өнер көрсетеді

06.07.2018

Астанадағы «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өтіп жатыр. «The Spirit of Astana» – әлемдегі этно музыканың белгілі өкілдерін Қазақстан жерінде біріктіруге бағытталған мульти-мәдени жоба. Фестивальге қатысушы талантты өнерпаздар көнеден келе жатқан ерекше ұлттық музыкалық аспаптарды жаңаша сөйлетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Ерекше концертте әлемнің 23 елінен келген 120-дан аса музыкант өнер көрсетеді. Олардың қатарында Ирландия, Буркина-Фасо, Сенегал, Түркия және Америка Құрама Штаттарынан келген өнерпаздар бар. Фестивальдің бір ерекшелігі барлық қатысушылар жанды дауыста ән салады. Ал, концертке кіру тегін.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу