Ақ халаттылардан айырықша сәлем! «University Medical Center» корпоративтік қорының құрамына кіретін медицина ұйымдарының қызметкерлері флешмоб өткізіп, Астананы жиырма жылдығымен құттықтады. Акцияға «Ана мен бала», нейро және кардиохирургия орталықтары, сондай-ақ, республикалық диагностикалық орталық дәрігерлері, барлығы 100-ден астам адам қатысты. UMC корпоративтік қоры осыдан 10 жыл бұрын Президент Жарлығымен құрылған болатын. Оның құрамына кіретін медицина мекемемелері әлемнің ең озық тәжірибелерін қолдану арқылы тек ел ішінде емес, алыс-жақын шетелде де өлшеусіз бедел жинап үлгерді.
Серік Нұркенов, Республикалық диагностикалық орталық Ядролық медицина бөлімінің маманы:
- Елбасының ақырғы Жолдауында медицина туралы айтылды. Сондықтан, біз ақ халаттылар тарапынан Астананы шын жүректен, көтеріңкі көңіл-күймен құттықтағымыз келді.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.