Басты Жаңалықтар Еліміздің Норвегиядағы елшілігі Астананың 20 жылдығына орай Ослода ресми қабылдау өткізді

Еліміздің Норвегиядағы елшілігі Астананың 20 жылдығына орай Ослода ресми қабылдау өткізді

Шараға Норвегияның үкімет мүшелері, лауазымды тұлғалары қатысты. Еліміздің осы мемлекеттегі елшісі Қайрат Әбусейітов мәртебелі меймандарға Қазақстанның соңғы жылдары жеткен жетістіктері жайлы баяндады. Жиналғандар Астананың әсемдігінен, сәулетінен сыр шертетін көрмені тамашалады. Сондай-ақ, «Сән мен сахна»директоры Ханым Айдаш бастаған бір топ қазақстандық дизайнер көпшілік назарына өз топтамасын ұсынды. Заманауи үлгіде тігілген ұлттық киімдерді еуропалықтар жоғары бағалады. 

Торлауг Лунд Аукруст, Норвегия Білім және зерттеулер министрлігінің жетекші кеңесшісі:

- Маған шара қатты ұнады. Астананың мерейтойын осындай инновациялық ерекше форматта тойлағандарыңыз керемет. Әрі 20 жылда Астанадай ғажап қала тұрғызған тың тәжірибелеріңіз бізге маңызды. Қазақстан жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Әрі қарай да бүгінгі бастамаларыңыздың сәтті жалғасуына тілектеспін.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу