Басты Жаңалықтар Елордамен болашағын байланыстырған отбасы

Елордамен болашағын байланыстырған отбасы

Алматы оңтүстік астанамызға айналып, 1997 жылы 20 қазанда Қазақстанның бас қаласы Ақмола болып ресми түрде жарияланды. Ал, 1998-дің мамырында Ақмола қаласының атауы - Астана деп өзгертілді. Сол кездері Астанаға қоныс аудару күмәнді істей көрінген-тін. Қарапайым отбасылар енді құрылып жатқан ел астанасына көшіп баруға жүрексінгені рас. Бірақ, сенім білдіріп, елордамен болашағын байланыстырған отбасылар да бар. Солардың бірімен тілшіміз Астананың көрікті жерінде кездесіп қайтты.

Ақмола Астана атанды. Сол тарихи оқиғамен сабақтаса Думан Аманұлы да отбасымен Алматыдан жаңа Астанаға келген. Әуелгіде оңай болмапты. Өйткені, қала да, отбасы да жас.

Қанымхан Әбділдәқызы, қала тұрғыны:

- Көшіп келген кезде біраз қиыншылықтар болды. Ол кезде үйіміз жоқ. Балаларымыз кішкентай еді.

Дегенмен, бұл отбасы жатақханаларды жалдап, түрлі тұрмыстық қиындықтарды көріп жүрсе де жеңілмеді. Өздерінің және Астананың болашағына сенді. Сөйтіп, еңбектің арқасында жанұя да, жаңа шаһарда қатар өсті, дамыды.

Думан Аманұлы, қала тұрғыны:

- Біз тұрған жерде ештеңе жоқ еді. Абаттандыру, алаңдар жоқ еді. Ал, бүгінде Астана ажарланып тұр.

Астананың алғашқы тұрғындарының бірі - Думан Аманұлының бүгінде үй-күйі де, немерелері де бар. Әулеттің үлкені. Олар бүгінгі Астанамен мақтанады, марқаяды. Анығы сол, Астананың да, осы отбасының да 20 жыл бұрынғы қадамы - құтты болды.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу