Басты Жаңалықтар Астанада бас шаһардың 20 жылдығына орай «Болашақтың келбеті» атты көрме ашылды

Астанада бас шаһардың 20 жылдығына орай «Болашақтың келбеті» атты көрме ашылды

Салтанатты рәсім ең әуелі Президент оркестрінің шағын концертімен басталды. Көрменің Елбасы кітапханасы музейінің шаңырағында өтуі тегін емес. Өйткені, дәл осы ғимаратта Ақмола еліміздің бас астанасы деп жарияланып, елорда құрылысының жоспары бекітілді. Өзге де саяси қадамдар  осы ғимараттан басталды. Жалпы, мұнда жас қала жайлы 120-дан астам маңызды құжат, жәдігерлер, шетелдік меймандардың кәдесыйлары мен фотосуреттер қойылған. Елорданың тарихымен тереңірек танысамын деушілер көрмені 12-тамызға дейін тамашалай алады. 

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл тарихи мекеме, тарихи жер. Астанамыздың алға ұмтылған кейпі осы жерде қалыптасты деп айтуға болады. Тарихсыз ештеме болмайды. Астанамыздың қалай қалыптасқанын, қалай өркендегенін біз айтып, көрсетіп отыруымыз керек. Сондықтан да, Елбасының кітапханасы мен Елбасының архиві осы құжаттарды әкеліп халыққа көрсетіп жатқаны үлкен игіс іс деп олаймын. 

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу