«Астана орманы» жасыл белдеуіндегі веложол жұртшылықтың игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана орманы» жасыл белдеуіндегі веложол жұртшылықтың игілігіне берілді

26.06.2018

Елорда күніне орай «Астана орманы» жасыл белдеуіндегі веложол қайта жаңартылып жұртшылықтың игілігіне берілді. Тақтайдай тегіс соқпақпен алғаш боп кәсіби жасөспірім велосипедшілер жүріп өтті. Ұзындығы 19 шақырым, ені 3 метр. Мамандар «бұл халықаралық жарыстар өткізу үшін де талапқа сай», - дейді. Жалпы, бас қала басқа аймақтарға велоспортты дамыту жағынан үлгі. Өскелең өреннің де велосипед тебуге көңілі ерекше. Өйткені, бүгінгі шараға әр өңірден жүзге жуық велошабандоз жиналған.

Сағат Исин, велошабандоз:

- Мен бала күнімнен велосипедтерді жақсы көремін. Кез келген түрін еркін айдаймын. 13 жасымнан бастап тасжолға шыға бастадым. Түрлі жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүрмін. Бұл әрине, осындай веложолдардың болуынан шығар. Өйткені, кәсіби түрде шыңдалу үшін жағдай толық жасалуы керек.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу