Басты Жаңалықтар Шетелдік әріптестер Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай ізгі-тілектерін білдірді

Шетелдік әріптестер Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай ізгі-тілектерін білдірді

Қазақ телевизиясын соңғы жылдары  Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мен Ресейдің елімізбен шекаралас өңірлері және Моңғолиядағы қандастарымыз еш кедергісіз тамашалап келеді. 60 жылдық мерейтойға байланысты елімізге арнайы келген осы көрші елдердегі әріптестеріміз мерейлі мерекеге орай ізгі-тілектерін білдіруде.

Владимир Жданов, Ресей мемлекеттік телерадиокомпаниясы халықаралық қатынастар дирекциясы директорының орынбасары:

- Ресейдегі барлық телерадиокомпаниялардың атынан «Qazaqstan» арнасын 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Көрермендеріңіз көп болсын. Бұл саланың қаншалықты жауапты әрі күрделі екенін білеміз.  Сондықтан да, атаулы жыл телевизия саласының дамуына сүбелі үлес қосқан барша жанның төл мейрамы. Мерейлі мерекелеріңіз тағы да құтты болсын.

Қалыйбек Асылбашев, Қырғыз Республикасы Қоғамдық телерадиохабар тарату корпорациясы КТРК бас директорының орынбасары: 

- 60 жыл аз уақыт емес. Осы аралықта сіздердегі телевизия саласы өте жақсы деңгейде дамыды. Менің тілерім, корпорация жұмысы ары қарай ілгерілесін. Биіктен көріне беріңіздер. Көреремендеріңіз көп болсын.

Нарғыз Нуманова, Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясы халықаралық байланыс бөлімінің басшысы:

- Наурыз мерекесі қарсаңында барлық қазақстандық әріптестерімді телевизияның 60 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін «Қазмедиа орталығы» ғимаратын аралап, сіздердің телевизия саласындағы шексіз мүмкіндіктеріңізге көзім жетті. Ұжымның шығармашыл әрі техникалық саладағы мамандарына тілерім, халық сүйіп көретін қызықты жобаларыңыз көп болсын.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Бөлісу