Қазақ телевизиясына – 60 жыл. Облыстық арналардың тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясына – 60 жыл. Облыстық арналардың тарихы

11.02.2018

ХХ ғасыр қилы кезеңдерге толы болды. Соған қарамастан түрлі саладағы жаңашылдықтар да дәл осы ғасырда табалдырығымыздан аттағаны тарихтан мәлім. 

Мәселен, теңдессіз өнер телевизия. Жаһанды, миллиондаған жанарды жаулап үлгерді. Бүгінде әр үйдің төрінде тұрған көкжәшік алғаш 1929  жылы Америкада пайда болды. Арада 20 жыл  өтер-өтпес уақытта сырлы сандық біздің құрлыққа, әрмен қарай біздің елге де келіп жетті.  Осылайша телеөнерге сұраныс артты.

1958 жылы  Қазақ телевизиясының қабырғасы қаланғанын өздеріңіз жақсы білесіз. Алғашында Алматыдан бастау алған арна бүгінде еңселі емендей тамырын тереңге жайды. Қарағанды, Өскемен сияқты еліміздің 19 облысында телерадио орталығы хабар таратты.

Бүгінде   өңір тынысымен өлке тұрғындарын құлағдар етіп, әр аймақтың айнасына айналды. Қазір осы облыстық арналардың тарихы  жайлы тілші репортажына зейін салсақ.  

Хабарламаларға жазылу