Қазақ телевизиясына – 60 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясына – 60 жыл

18.02.2018

Журналистика – жол-жөнекей жазылатын әдебиет. Әсіресе, тележурналистикада шапқылау мен шығармашылық шырмаудай байланып жатыр. Бірақ, соның өзінде осы салаға бар ғибратты ғұмырын арнап, қазақ телевизиясының көркейіп-кемелденуіне өз үлестерін қосқан талантты тұлғалар таспалы тарихта аз емес. 60 жылдық мерейтой қарсаңында арнамыздың алдыңғы толқыны, аға буын ардагерлердің ізгі жолын ізеттелікпен шолмақ ниет бар бүгін. Себебі, 60 жылда қазақ телевизиясында қара сөзден қамшы салдырмайтын тілі өткір талай тілші, дарынды диктор және талантты таспагер мен эфирдің реңін реттер режиссерлер шықты. Өкінішке қарай, олардың арасында өмірден өткендері де жоқ емес. Ал, көзі тірілері бүгінде біздерге, кейінгі толқынға бағыт-бағдар сілтеп, өнеге өрнегін көрсетіп келеді. Ендеше, зер салыңыз.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу