Қазақ телевизиясының тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясының тарихы

05.02.2018

Қазақ телевизиясының 60 жылдық тарихын бір күнде, бір репортажда айтып тауысу мүмкін емес. Жарты ғасырдан астам уақыттағы маңызды оқиғалар мен Ұлттық арнаның қалыптасуына зор үлес қосқан қайраткерлерді бір шолып шығайық.

1957 жыл, 29 маусым - ҚазССР министрлер кеңесінің радио жүйесі мен телевизия комитетін құру туралы қаулысы қабылданды.

Осыдан соң 1958 жылы   8-наурызда – Қазақ телевизиясы дүниеге келді. Дәл осы күні алғаш рет Алматыда тікелей хабар таратылды.

Кейін Қарағанды мен  Өскеменде, 1959 жылы – Жезқазғанда, 1960 жылы – Петропавлда облыстық студиялар ашылды. Бұдан соң  тізім Целиноград, Орал, Балқаш, Семей, Павлодар болып жалғасып кете барды.

Қазақ телевизиясының қабырғасын қалап, қалыптасуына үлес қосқан азаматтардың қатарында  Қанапия Мұстафин, Совет Мазғұтовты ерекше атап өтуге болады. Осыдан соң жаңа телехабарлар ашу үшін ұжымға  дикторлар, журналистер, режиссерлер, операторлар мен бейнеинженерлер алына бастады.

Дәл осы жылдары «Достық экраны», «Мыңда бір рахмет», «Сырласу», «Пай-пай 25», «Балдырған» сияқты хабарлар өмірге келді.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу