Әуе қорғаныс күштері  1998 жылдың 1 маусымында құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе қорғаныс күштері  1998 жылдың 1 маусымында құрылды

08.05.2017

Әуе қорғаныс күштері 1998 жылдың 1 маусымында құрылды. Бұл – Қазақстан қорғанысының флагманы.

Міндеттері:

-Елдің әуе шебін қорғау;

-Мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілерді әуе шабуылынан қорғау.

Әскерилер күшті зымыранмен және пушкамен қаруланған жылдамдығы дыбыстан да жоғары жойғыш ұшақтары: МиГ-31, МиГ-29, МиГ-27 және Су-27 бомбалаушы ұшақтары бар.

Ал, бірегей зениттік зымырандық жүйелер - берік қалқан. Мәселен, С-300, шалғайда қолданылатын С-200, орта қашықтықтағы С-75 және жақын қашықтықтағы С-125 кешендері әуе күштерінің мақтанышы. Олар қарсыласты биіктік пен жылдамдықтың барлық диапазондарында жоюға қауқарлы. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу