Шаһарда мектеп оқушыларының арасында өткен «Ұлан» әскери-спорттық ойынының жеңімпаздары анықталды.
Олар бір ай бойы алғашқы әскери дайындық пен төтенше жағдайда шұғыл қимылдау машығына дағдыланды
Жастайынан әскери-патриоттық тәрбиені бойына сіңіріп, салауатты өмір салтына үйрететін жарыста Бостандық ауданының №28 орта мектебі үздік деп танылып, арнайы кубокты жеңіп алды.
Ким Серікбаев, полковник:
Бұл біздің ағаларымыздың, апаларымыздың майданда, тылда атқарған ерлігі. Біздің Қарулы күшіміз 22 жылдың ішінде өсті, өркендеді, кәсібилік деңгейі жоғарылады. Елімізді қорғайтын әскеріміз дайын деп айта аламын. Жастар аталарының еңбегін ұмытпауы керек.
Айгүл ЕРМАХАН