Семейде ардагер Виктор Соколовпен кездесу ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде ардагер Виктор Соколовпен кездесу ұйымдастырылды

07.05.2014
 Семейде ардагер Виктор Соколовпен кездесу ұйымдастырылды
Семейдегі  «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты барлау полкінің сарбаздары  ардагер Виктор Соколовпен кездесу ұйымдастырды.
 
Қарт майдангер арнайы оқу-жаттығу алаңына барып, бүгінгі әскердің әлеуетімен, тыныс-тіршілігімен танысты. Ардагер сұрапыл жылдардағы бастан өткергені туралы естеліктер айтып, майдандас достарының ерліктерін еске алды.
 
Ардагердің өзі  ажал аузынан үш мәрте аман қалған. Германияны тізе бүктірген соң   жапон соғысына қатысқан. Тоқсанның тұғырындағы ардагер сарбаздардың дайындық деңгейін көріп, өткізілген оқу-жаттығуларын бақылады.
 
Әскери техника мен және жаңа үлгідегі қару-жарақ түрлерімен танысты.
 
Виктор Соколов, соғыс ардагері:
Бізге соғыс жылдары тек мылтық атып, жер қазуды ғана үйретті. Қиындықты көре жүріп төселдік. Бүгінгі сарбаздарға жасалған жағдай мүлдем бөлек. Жаттығуларын көрдім. Әскеріміздің әлеуетін байқап, таң-тамаша болдым. Енді соғыс болмасын. Мәңгілік бейбітшілік тілеймін.
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу