Отан қорғаушылар күні Петропавлда аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отан қорғаушылар күні Петропавлда аталып өтті

07.05.2014
Отан қорғаушылар күні Петропавлда аталып өтті
Отан қорғаушылар күні Петропавлда да аталып өтті. Орталық алаңға жиналған қауым  елдің айбынын асқақтатып, жаудан қорғаған бабалардың рухына тағзым етті.  
 
«Бұл   - барша Қазақстан халқы үшін ерекше күн. Егемен елдің абыройын асқақтатып, байрағын биіктен желбіреткен азаматтар  аянып қалмасы анық. Тек елімізде бейбітшілік болсын», дейді жиналғандар.
 
Сондықтан, кәрі-жастың тілегі бір. Мерекелік шара  қазақтың елі мен жерін жоңғар басқыншыларынан қасық қаны қалғанша қорғаған  Ағынтай мен Қарасай батырлардың рухына тағзым етуден басталды.
 
Жасұлан Құдабаев, Еңбек ардагері:
Бейнеттің бәрін көрдік. Қаншама адам жақындарынан айырылды. Халқымыз аман болсын, әр уақытта жақсылық болсын.
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу