Алматыдағы Жеңіс күніне арналған шаралар «Астана» алаңындағы мерекелік концертпен жалғасты. Қала тұрғындары мен қонақтары сұрапыл соғыс пен жеңіс жылдарын еске түсіретін әндерді оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста тыңдауда.
Думанды кешті тамашалуға екі мыңға жуық адам жиналды. Қанша жыл өтсе де, соғыс жылдарындағы құлаққа жағымды әндерге қосылып, бірге билеген көпшіліктің көңілі көтеріңкі.